Maм 28, 2022 15:46 Asia/Almaty

Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан облысындағы Абадан «Метрополь» ғимаратында қоқыстарды шығару жалғасуда, құтқарушылар әлі де тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Абаданның арнайы губернаторы және "Метрополь" ғимаратындағы апаттың ресми өкілі Эхсан Аббаспур оқиға орнында Iran Press тілшісіне берген сұхбатында: «Құрылымдық-инженерлік жүйе саласындағы жоғары мамандандырылған күштер «Метрополь» ғимаратын тұрақтандырғаннан кейін, бұзу жұмыстары қарқынды жүргізілуде»,- деді. Абадандағы «Метрополь» ғимаратында болған оқиғаның ресми өкілі қаза тапқандардың туыстарының  қайғысына ортақтасып көңіл айтып: «Осы уақытқа дейін 26 адам қаза тауып, 37-сі жараланды, оның 34-і дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында ауруханадан шығарылды»,- деді.