Маусым 12, 2022 17:43 Asia/Almaty
  • Адмирал Ирани: Иран армиясының стратегиялық теңіз күштері теңіздерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет атқарады

Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы: «Дұшпандардың қысымдарына қарамастан, стратегиялық теңіз күштері заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, теңіздерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет атқарады»,-деді.

Адмирал Шахрам Ирани халықаралық суларда қызмет атқарған Иран теңіз күштерінің 81-ші флотын қарсы алу рәсімінде: «Иранның стратегиялық теңіз күштері апатты жағдайға тап болып, көмек сұраған кез келген кемеге қол ұшын созады»,-деді.

Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы жуырда БҰҰ жариялаған беделді құжатқа тоқталып: «Бұл құжаттың бір бөлігінде ИИР армиясы теңіз күштерінің қауіпсіздік орнатудағы шынайы қызметіне тоқталып, олардың кемелерге көмектесудегі шеберлігіне және теңіз қарақшылары шабуылдарының азаюына септігін тигізіп жатқан алдын алу шараларына алғыс айтты»,-деді.

Тегтер