Шіл 15, 2022 20:28 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иранның Әзірбайжанмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға ешқандай шектеулері жоқ

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Иран Ислам республикасы Әзірбайжан Республикасымен жан-жақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды ілгерілетуде шектеулер жоқ»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бакуге сапар шеккен  Әли Шамхани  жұма күні Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, екі дос және бауырлас ел Иран мен Әзірбайжанның қарым-қатынасының маңыздылығына тоқталып: «Иран үкіметінің басымдығы көршілерімен қарым-қатынастарды тереңдету және кеңейту болып табылады және осы шеңберде Ислам Республикасының нық ниеті көршілес мұсылман және шиіт елі ретінде Әзірбайжанмен барлық салаларда барынша жылы қарым-қатынастарды арттыру болып табылады.  Теһран мен Баку арасындағы қарым-қатынастар достық қарым-қатынасты қаламайтын елдердің қысымына ұшырамай, екі ел басшыларының берік ерік-жігеріне негізделген байыпты түрде дамып келеді»,- деді.

 

Тегтер