Немати жеткіншектер мен жастар арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын алды
(last modified Mon, 25 Jul 2022 11:54:19 GMT )
Шіл 25, 2022 17:54 Asia/Almaty

Иранның +102 кг салмақтағы зілтеміршісі жеткіншектер мен жастар арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын алды.

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында жеткіншектер мен жастар арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында жексенбі күні ирандық зілтемірші Таха Немати 150 кг-ды жұлқа көтеріп, алтын алды.  

Ирандық зілтемірші екі сілке көтеруде 190 кг-ды бағындырып, жалпы есепте 340 ұпай жинап, 3 алтын медаль алды.