Қыр 19, 2022 16:43 Asia/Almaty
  • Раиси Иранның ұлттық еркін күрес командасын екінші орын алуымен құттықтады

Иран Президенті елдің ұлттық еркін күрес командасын әлем чемпионатында екінші орын алуымен құттықтады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси өз хатында жүлдегер спортшылар, қайратты жаттықтырушылар мен барша халықты Иранның ұлттық еркін күрес командасының әлем чемпионатында екінші орын алуымен құттықтады.

Иранның ұлттық еркін күрес командасы Сербияда еркін күрестен өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль алып, командалық есепте 15 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.    

Тегтер