Қыр 23, 2022 16:56 Asia/Almaty
  • Иранның әртүрлі аймақтарында бүлікшілер халықтың қоғамдық және жеке меншігіне шабуыл жасады

Кеше түнде Теһран мен Иранның бірнеше қаласында Махса Аминидің өлімін сылтауратып бүлікшілер қоғамдық және жеке меншікке және күзетшілерге шабуыл жасакды жалғастырды.

Бұл тәртіпсіздіктерде  жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктеріне шабуыл жасалды. Осы күнге дейін бірнеше медициналық қызметкер мен жедел жәрдем көрсетушілер жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, сонымен қатар 61 жедел жәрдем көлігі де қиратылды. Теһран әкімі Заканидің айтуынша, соңғы күндері 23 өрт сөндіру машинасы шығын көріп, бір өрт сөндіру машинасы жанып кеткен. Закани  бұл тәртіпсіздіктерде наразылық сылтауымен 43 автобус пен 54 аялдаманың жойылғанын хабарлады. Сондай-ақ, қоғамдық мүліктің бұзылуына алдын алуға талпынған бірқатар полиция қызметкерлері бүлікшілердің қолынан шәһид болды. Теһранда кейбір бүлікшілер полиция қызметкерін көлігімен қағып кетті, тағы бір адамгершілікке жатпайтын әрекетінде полиция қызметкерін өртеп жіберді.

 

Тегтер