Қыр 24, 2022 19:11 Asia/Almaty
  • Ағымдағы толқулардағы патшалықты талап етуші топтар мен дұшпан ақпарат құралдарының рөлі

Соңғы күндері Иранның әртүрлі қалалары патшалықты талап етуші топтар мен дұшпан ақпарат құралдарының қолы айқын көрінетін тәртіпсіздіктің куәсі болды.

 

Түрлі мәселелерге қарсылық білдіру – кез келген елдегі адамдардың құқығы, Ислам Республикасы да бұл құқықты мойындайды. Бірақ наразылық бүлікке айналып, адамдар осы жағдайдың құрбаны болғанда, оқиға өзгешеленеді. Тәртіпсіздік пен бүлік - бұл азаматтардың қолынан келетін нәрсе емес, оны жүйенің жаулары мен қарсыластары өздерінің агенттері, соның ішінде кейбір алданғандары арқылы жобалайды және жүзеге асырады.  Бұл жағдайды Иранның қазіргі тәртіпсіздіктері мен бүліктерінде байқауға болады.

Ислам республикасының құрылуынан 44 жылдан кейін армандарының іске аспайтынын көрген монархияны жақтаушы топтар мен мұнафықтар Ислам республикасы  жүйесіне қарсы топтардың қатарында. Олар әрбір ішкі оқиғаны Иранда бүлік пен тынышсыздық тудыру үшін сылтау деп санайды. Бұл топтар соңғы күндердегі оқиғаларда Ислам республикасына қарсы БАҚ-ты, әсіресе Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы қолдайтын BBC және Иран Интернешнлді пайдаланып, Иранда наразылықтарды тарату және оны бүлікке айналдыру мақсатымен қоғамдық пікірді қоздыруды көздеді. Аталған БАҚ-тар наразылық туралы мәліметтер мен наразылық білдірушілердің тәртіп бұзған бейнелерін таратумен айналысты. Кейбір басқа ақпарат құралдары оларға ерді. Қоғамдық мүлікті қиратып-жою патшалық билік жақтастарының әдеттегі сценарийінің бір бөлігі болып табылады. Ол соңғы күндері қайталанып, көптеген мемлекеттік және үкіметтік емес орындар қиралды. Сонымен қатар, қазіргі дүрбелеңде Иранның қасиетті туы қорланып, Құранды өртеу, мешітті өртеу, мұсылман әйелдің басынан жамылғысын жұлып алу сияқты әрекеттер де орын алды. Сөйтіп бұл топтардың әлеуметтік және азаматтық талаптарының жоқ екені, бірақ дін мен Ислам республикасы  жүйесіне қарсылық олардың және олардың ақпарат агенттерінің күн тәртібінде екені белгілі болды.  

Ислам республикасы жүйесінің, әсіресе соңғы онжылдықтағы мұнафықтер тікелей қатынаста болған лаңкестікпен күресу үдерісіндегі табыстары, сондай-ақ Иранның АҚШ үкіметінің барынша қысым көрсету саясатын жеңудегі табысы олардың ашу-ызасын тудырды және олар Иранның ішінде басқа кездермен салыстырғанда бейберекетсіздік тудыруға көбірек талпынуда. Тағы бір маңызды жайт, таяудағы толқулар Иран президенттінің БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке сапарымен тұспа-тұс келді. Негізінде, президенттің сапарына ықпал ету және бұл сапарға Ираннан тыс жерлерде, соның ішінде Нью-Йоркте наразылық білдіру және оны БАҚ-тың президентке қоятын сұрақтарының негізгі өзегіне айналдыру патшалық билік жақтастары мен мұнафықтардың көздеген басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Қорыта айтқанда, Ислам революциясы жетекшісінің жуырда айтқанындай, исламдық жүйенің қастандықтар алдындағы төзімділігі дұшпандарды таң қалдырды, бұл жолы да дұшпандар өздерінің исламдық Ирандағы жеңілісіне куә болады.