Қаз 29, 2022 17:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы бейресми отырысын өткізу әрекетіне Иран реакция білдірді

ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бейресми отырысын өткізуіне реакция білдіріп,  мұны халықаралық құқықты бұзу құнына қарамастан өзінің саяси мақсаттарына жету әрекеті деп мәлімдеді.  

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нью-Йорктегі ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі жұма күні (жергілікті уақыт бойынша) Американың Қауіпсіздік кеңесінің Ираның ішкі мәселелеріне қатысты бейресми отырысын өткізуге талпынысы туралы жарияланған хабарға реакция білдіріп: «Екіжүзділік, қосарланған стандарттарды қолдану және адам құқықтарын таңдап қолдануды ескере отырып, Американың ирандық әйелдерді қолдау туралы мәлімдемелерін алдамшы және адал ниетсіз деп санаймыз»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер