Қар 22, 2022 13:12 Asia/Almaty

Иранның ұлттық футбол командасы Катарда басталған Әлем чемпионаты - 2022 алғашқы ойынында Англияның ұлттық футбол командасынан 6:2 есебімен жеңілді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ағылшын футбол құрамасының бұл ойындағы голдарын 35 минутта Беллингем, 43 және 62 минутта Сака, 45 минутта Рахим Стерлинг, 71 минутта Рэшфорд және 90 минутта Джек Грилиш соқты.

Иранның голдарын 65-минутта пенальтиден және екінші таймның босқа кеткен минуттарында Мехди Тареми соқты.

Сондай-ақ Катар-2022 әлем чемпионатының В тобындағы бірінші аптаның екінші ойынында АҚШ құрамасы Уэльспен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Уэльс құрамасы жұма күні сағат 13:30-да Иран құрамасымен, ал осы топтың басқа ойынында Америка Англиямен кездеседі.