Қар 23, 2022 14:33 Asia/Almaty
  • Раиси Беларусь Премьер-министрімен кездесуінде: Тәуелсіз елдердің қарым-қатынасын нығайту – санкциялардан шығудың тиімді жолдарының бірі

ИИР Президенті Беларусь Премьер-министрімен кездесуінде тәуелсіз елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды санкциялардан шығудың тиімді жолдарының бірі деп атап: «Иран мен Беларусьтің қарым-қатынас деңгейін жақсартуға деген ерік-жігері өзара әрекеттесуді кеңейту жолындағы ықтимал кедергілерді жояды»,- деді.

Ибрахим Раиси  бүгін,  сәрсенбі күні Роман Головченкомен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар әрқашан достық сипатта болғанын және екі ел басшыларының соңғы кездесулерінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылғанына тоқталып: «Тәуелсіздікті сақтап қалу жолындағы әрекеттері үшін қатыгез санкцияларға ұшыраған елдердің қарым-қатынасын дамыту және нығайту санкцияларды бейтараптандыру мен одан шығудың тиімді жолдарының бірі болып табылады»,- деп қуаттады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрахим Раиси ИИР-ның қатыгез және бұрын-соңды болмаған санкцияларға қарамастан барлық салаларда, соның ішінде экономикалық салада айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізгеніне назар аударып: «Иран мен Беларусь бір-бірімен қарым-қатынасты дамыту үшін әртүрлі және әсерлі мүмкіндіктерге ие»,- деп айтты.

Бұл кездесуде Беларусь премьер-министрі де Иран Ислам Республикасының аймақтық өзара іс-қимылдарды күшейту жолының екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейін жақсарту үшін жаңа перспектива тудырғанын мәлімдеді. Ол: «Екі елдің қарым-қатынасы әрқашан достық, Теһран мен Минск халықаралық аренада сындарлы ынтымақтастықта болды»,- деді.