Раиси: Түрлі елдердегі қиындықтарының бір бөлігі үстемшілдік пен біржақты қатынас салдарынан туындап отыр
Иран Президенті түрлі елдердегі қиындықтарының бір бөлігі үстемшілдік пен біржақты қатынас салдарынан туындап отырғанын айтты.
Ибрахим Раиси бейсенбі күні осы елдегі шетел өкілдіктерінің елшілері және дипломаттарымен кездесуінде: "Басқа елдердің мүдделерін назарға алмастан үстемшілдік пен біржақты қатынас негізінде саясат жүргізу халықаралық сенімді төмендетіп, соғыс пен қантөгіс отын тұтатып отыр",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті: "АҚШ пен еуропалық үштік жуырда болған бүлік барысында Ирандағы әйелдердің жағдайы мен ішкі өзгерістер жайлы толығымен қате ақпарат беріп, ислам республикасының келбетін бұзуға тырысты. Мұндай талпыныстар масқара жеңіліске ұшырайды. Соның куәсі болдық, бұдан былай да куә бола береміз",-деді.
Раиси АҚШ пен еуропалық үштіктің Иранға қатысты қате түсінік пен есепке жол бергенін айтып: "ИИР бірнеше ай бұрын ядролық келіссөздерді қорытындылауға дайын екенін жариялап, ізгі ниет білдірді",-деді.