Раиси: Иран халқы табандылықпен билікқұмарлардың қастандықтарының жолын кесті
(last modified Sat, 18 Feb 2023 15:41:41 GMT )
Ақп 18, 2023 21:41 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран халқы табандылықпен билікқұмарлардың қастандықтарының жолын кесті

ИИР Президенті: «Иран халқы үлгі боларлық табандылықпен билікқұмарлардың әртүрлі қастандықтарының жолын кесті»,- деді.

Ибрахим Раиси бүгін жүйе қайраткерлері, исламдық елдердің өкілдері мен елшілері және халықаралық Құран жарысына қатысушылар мен қонақтардың Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінің басында Иран халқының Ислам революциясының жеңісінің жылдығына арналған шеруге жаппай қатысуын жоғары бағалап,  бұл ерлікті ел ісіне қатыстылардың барлығына жүктелген қос жауапкершілік деп атады.

ИИР Президенті: «Ислам революциясының жеңісінен кейін Исламның бастапқы кезеңіндей дұшпандар әскери, экономикалық, саяси және үгіт-насихат соғыстарымен Иран халқына қарсы сап түзеді»,- деді. Раиси дұшпандардың Иран халқына қатысты соның ішінде күзгі соңғы оқиғалардағы қате есептеулеріне тоқталып: «Күні кешеге дейін батыстықтар келісімді ұстанамыз деп келгенімен, Иран халқының талаптарын қабылдауға мәжбүр болған кезде толқудың басталуымен келіссөз үстелінен шығып кетті»,- деп мәлімдеді.

Иран Президенті  ел үкіметінің халықаралық форумдарға лайықты және сындарлы қатысу арқылы ұлт мүддесін қорғайтынын қуаттады.