Нау 03, 2023 18:56 Asia/Almaty

ИИР Президенті: «Дұшпанның исламдық Иранның ілгерілеуін тоқтату әрекеті сәтсіз аяқталды»,- деді.

ИИР Президенті Ибрахим Раиси бейсенбі күні Бушер облысына (Иранның оңтүстігінде) сапарының жалғасында халық ортасында дұшпанның Иран халқының тәуелсіз, еркін, ерік-жігер мен бірлікпен өмір сүруін қаламайтынына  және Ислам революциясының жеңіске жетуімен дұшпандардың Иран халқына қарсы көптеген қастандықтары мен фитналарына тоқталып: «Дұшпан таңылған соғыспен, мұнафықтардың бүліктерімен, қатыгез қоқан-лоққылар мен санкциялармен Иран халқының  екпінді қозғалысын тоқтатуға немесе тым болмаса бәсеңдетуге тырысты. Бірақ  сәтті болмады және болашақта да нәтижеге жетпейді. Дұшпан көшедегі толқулар арқылы Иран халқының қозғалысын бәсеңдетемін немесе тоқтатамын деп ойлады, бірақ  қате есеп жасады»,- деп мәлімдеді. ИИР Президенті исламдық Иранның ілгерілеуін еске салып, дұшпандардың экономикалық өсуді тоқтату және сыртқы сауда көлемін азайту талпыныстарына да тоқталды. ИИР Президенті исламдық Иранның ілгерілеуін еске салып, дұшпандардың экономикалық өсуді тоқтату және сыртқы сауда көлемін азайту талпыныстарына да тоқталыр: «Иранның экономикалық өсімі мен сауда балансы оң және көршілермен сауда 40 пайға өсті»,- деді. Раиси бүгінде көптеген елдердің Иранға инвестиция салуға дайын екенін және елде жоғары экономикалық өсу аймақтарын көруге болатынына назар аудартып: «Иран халқының қозғалысы мен ілгерілеуі дұшпандардың қастандықтарымен тоқтатылмайды»,- деп айтты.

Тегтер