Нау 06, 2023 20:16 Asia/Almaty
  • Он үшінші үкімет кезінде мұнай өнеркәсібінде 100 млрд долларлық келісімшарт пен меморандумға қол қойылды

ИИР Мұнай министрі он үшінші үкімет кезінде мұнай өнеркәсібінде 100 млрд долларлық келісімшарт пен меморандумға қол қойылғанын хабарлады.

Джавад Оуджи: "Иран LNG" ірі жобасын іске қоса алдық",-деді.

ИИР Мұнай министрі он үшінші үкімет кезінде Иранның теңіз бен құрлықтағы барлық мұнай және газ кеніштерінің жағдайы анықталғанын айтып: "Ірілі-ұсақты жобаларды толықтыру үшін отандық және шетелдік компаниялармен құны 100 млрд долларлық келісімшарт пен меморандумға қол қойылды. Соның  ішінде ресейлік компаниялармен 40 млрд долларлық меморандум мен 4,5 млрд долларлық келісімшартқа қол қойылды",-деді.

Иран Мұнай министрлігінің хабарлауынша, Оуджи жексенбі күні: "Иран күн сайын 800-854 мың баррель газ конденсатын өндіреді",-деді.

Тегтер