Теһран жұма намазының имамы: АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтары сәтсіз аяқталды
(last modified Sat, 08 Apr 2023 03:50:28 GMT )
Сәу 08, 2023 09:50 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтары сәтсіз аяқталды

Теһран жұма намазының имамы: «АҚШ-тың ИИР-на қарсы араб майданын құру жоспары сәтсіз аяқталды»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Сейед Ахмад Хатами жұма намазының уағыздарында Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың қайта жандануына тоқталып: «АҚШ Иранға қарсы араб майданын құруға ниетті екенін мәлімдеген еді, бірақ бүгін керісінше болды. Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісім жасалды және басқа елдер де Иранмен келісімді күтуде. АҚШ-тың артқы ауласы саналатын Латын Америкасында әнтүрлә үкімет билікке келеді, халықтың дауыс беруінің нәтижесі антиамерикандық болып табылады және бұл олардың қалағанына жете алмағанын көрсетеді»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хатами сионистік режимдегі бұрын-соңды болмаған тұрақсыздық пен осы режимнің дағдарыстарының күшеюі туралы былай деді: «Бұл режимде қатал биполярлылық қалыптасып, жүздеген мың адам өздерінің қылмыскер билеушілеріне қарсы ұрандарымен қалаларда наразылық білдіруде. Израильдің «темір күмбез» жүйесі бар, алайда сионистік режимге жүз зымыран тиді және бұл күмбез аз ғана зымыранға төтеп бере алды»,- деп айтты.

Аятолла Хатами Құдс күнін имам Хомейнидің (р.а.) ескерткіші және Иран мұсылман халқының тірі болуының символы деп атап: «Адамдар биылғы Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне жаппай қатысады, өйткені бұл қатысу сионистік режимді әлсіретіп, құқық қорғаушыларын күшейтеді»,- деді.