Раиси: Тәуелсіз халықтар биыл Дүниежүзілік Құдс күні сионистік режимнің қылмыстарына бірауыздан жиреніш білдіреді
(last modified Mon, 10 Apr 2023 11:32:58 GMT )
Сәу 10, 2023 17:32 Asia/Almaty
  • Раиси: Тәуелсіз халықтар биыл Дүниежүзілік Құдс күні сионистік режимнің қылмыстарына бірауыздан жиреніш білдіреді

Иран Президенті: "Тәуелсіз халықтар биыл Дүниежүзілік Құдс күнін салтанатты түрде атап өтіп, сионистік режимнің қылмыстарына бірауыздан жиреніш білдіреді",-деді.

2023 жылы 13 сәуір – Дүниежүзілік Құдс күні.

Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.) Рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп атады.

Иран Президенті Ибрахим Раиси үкімет жиналысында сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын айыптап, осы жапа шеккен халықты қорғау және сионистік режимнің айуандық әрекеттерін тоқтату үшін ислам әлемін интеграциялау керегін айтты.

Раиси сионистік қоғамның әлсіреп, ыдырауға дайын қалғанына және әлемде қарсыласу қозғалысының мүддесіне сай жаңа жүйе қалыптасып жатқанына тоқталып: "Тәуелсіз халықтар биыл Дүниежүзілік Құдс күнін салтанатты түрде атап өтіп, сионистік режимнің қылмыстарына бірауыздан жиреніш білдіреді",-деді.

Тегтер