Маусым 12, 2023 18:06 Asia/Almaty

Иран Президенті Латын Америкасы аймағының үш еліне бару мақсатында Венесуэлаға сапар алдында сөйлеген сөзінде Иран мен осы аймақтың тәуелсіз елдері арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатта екенін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бүгін, дүйсенбі бұл сапардың Венесуэла, Никарагуа және Куба басшыларының ресми шақыруымен жүзеге асып жатқанын айтып: "Бүгінде Латын Америкасы елдерінің көбі тәуелсіз өмір сүргісі келеді. Үстемшілдерге қарсы тұру, тәуелсіздік пен азаттықты талап ету рухы – осы аймақ елдерінің ортақ тұсы. Бұл елдер Иранмен жақсы қарым-қатынас орнатқан",-деді.

Раиси өткен жылдарда Иранның Венесуэла, Никарагуа және Кубамен әрдайым жақсы қатынас жасап келгенін айтып: "Иран осы үш елмен саяси-экономикалық және коммерциялық қарым-қатынаспен қоса, энергетика саласында да жақсы әріптестік жасады. Өткен 2 жылда осы елдермен арада өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым мен технология, медицина және емдеу салаларындағы әріптестігі жақсы дамыды",-деді.

Тегтер