Маусым 18, 2023 13:55 Asia/Almaty

Иран мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері ортақ саяси және экономикалық комитеттер құру туралы келісімге келді.

Кеше (сенбі) Теһранда Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Фейсал Бин Фарханның бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Теһранға сапарына ризалығын білдіріп: «Теһран, Эр-Рияд, Джидда және Мешхед қалаларында екі елдің елшіліктері мен консулдықтары қайта ашылып, екі елдің елшілері анықталып, олардың саяси жұмыстары жүргізілуде»,- жеп хабарлады. Хұсейн Амир Абдуллахиан Иран мен Сауд Арабиясының қысым көрген Палестина халқын қолдауға келіскенін қуаттады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі де Иранға Сауд Арабиясының Теһрандағы елшіліктерінің қайта ашылуына ықпал еткені үшін алғыс айтып: «Екі жақтың қарым-қатынастарын қалыпты жағдайға қайтару маңызды, өйткені екі тарап та аймақтағы маңызды ойыншылар болып саналады және бұл қарым-қатынастар өзара сыйластық, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, БҰҰ Жарғысын ұстану сияқты негізгі негізге негізделген»,- деді.

Тегтер