Раиси: Ислам қоғамы Құранға құрметсіздік білдіруді қабылдамайды
(last modified Fri, 30 Jun 2023 13:13:46 GMT )
Маусым 30, 2023 19:13 Asia/Almaty
  •  Раиси: Ислам қоғамы Құранға құрметсіздік білдіруді қабылдамайды

ИИР Президенті: «Құранды қорлау адамзат пен исламдық құндылықтарды қорлау болып табылады және ислам қоғамы бұған шыдамайды",- деді.

 

IranPress ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Ибрахим Раиси Рафсанджандағы жұма намазында Швецияда Құран Кәрімді қорлауды айыптап: "Барлық илаһи діндердің халықтары Құранды қорлауға ренжіді және бұл адамзат пен ислам құндылықтарын қорлау, ислам қоғамы бұған шыдамайды. Дүниенің түкпір-түкпірінде жүрген мұсылмандар бұл қорлыққа реніштерін білдірді. Қасиетті нәрселерді қорлауды сөз және пікір бостандығын жалған қорғаушылар жасады. Олар бостандыққа қарсы екендіктерін және сөз және пікір бостандығын жалған қолдаудың туын ғана көтергендерін білуі керек",- деп мәлімдеді.

Ибрахим Раиси кейбір құрылыс және қызмет көрсету жобаларын ашу үшін бүгін, жұма күні Керман облысына (Иранның оңтүстігінде) барды.