Иран мен Ливия екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтудегі табандылығын қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі мен Ливияның Сыртқы істер министрі екі ел билігінің екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтудегі табандылығын қуаттады.
Iran Press-тің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні Теһранда Ливияның Сыртқы істер министрі Наджла әл-Манқуш ханымды қарсы алып, Ливияда қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнағанына ризалығын білдіріп, ИИР-ның дос ел Ливиямен қарым-қатынастарын кеңейтіп, осы елдің қалпына келуіне көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
ИИР-ның дипломатиялық қызметінің басшысы Ирандағы әйелдердің нақты жағдайын түсіндіру арқылы Батыстың екіжүзді саясаттары мен әйелдер құқығы мәселесін саяси пайдалануды сынады.
Ливияның Сыртқы істер министрі Наджла әл-Манқуш Ливияның жоғары мәртебелі қайраткерінің Иранға сапарынан 17 жылға жуық уақыт өткеннен кейін Теһран сапарына ризашылығын білдіріп: «Бұл сапар екі елдің екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы ерік-жігерін көрсетеді»,- деді.