Қыр 12, 2023 12:24 Asia/Almaty
  • Бақери Кани: Егер басқа тараптар шынайы болса, Иран келіссөздерді қайта бастауға ешқандай кедергі көрмейді

ИИР-ның бас келіссөзшісі: «Егер басқа тараптар шынайы болса және өткен қателіктерді қайталамаса, Иран келіссөздерді қайта бастау және келісімді аяқтау үшін ешқандай кедергі көрмейді",- деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Әли Бақери Кани кеше (дүйсенбі) былай деді: "Біз теңгерімді келісімге келу арқылы ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін дипломатияның жолын ешқашан бөгеген жоқпыз".

Иранның бас келіссөзшісі Шығыстың мүмкіндіктеріне назар аударудың басқа мүмкіндіктерді елеусіз қалдыруға немесе аз көңіл бөлуге себеп емес екеніне тоқталып: "Еуропа ешқашан Иранның сыртқы байланыстарының қара тізімінде болған емес және бұл елдер қаншалықты елдің дамуында рөл ойнауға дайын болса да, Иранның қолдауына ие  болады",- деп мәлімдеді.  

 

Тегтер