Қыр 22, 2023 14:28 Asia/Almaty
  • Раиси: Иранның әскери доктринасында соғысқа орын жоқ

Иран Ислам Республикасының Президенті: «Иранның әскери доктринасында соғысқа орын жоқ, бірақ қорғаныстық көзқараспен әскери дайындықты сақтау – белгілі бір саясат.

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси жұма  күні Қасиетті қорғаныс апталығына орай қарулы күштердің  парадында: "Ислам республикасы руханият пен демократияны біріктіретін басқару үлгісі және аймақ халқына дұшпанның шегінуге мәжбүр ететін нәрсенің бағыну, тербелу және сәтсіздік емес, қарсылық пен тұрақтылық екенін үйретуге болады",- деді.

ИИР Президенті: "Проблема және дағдарыс тудыратын шетелдік қарулы күштердің орналасуына қайшы, Иран күштері аймақта және Парсы шығанағында  қауіпсіздік орнатады",- деп мәлімдеді.

Ибрахим Раиси: "Қарулы күштердің беделі мен халықтың қолдауы дұшпандардың әскери агрессия туралы айтпауына және бұл сөзді әдебиетінен алып тастауына себеп болды. Дұшпанның Иранды оқшаулау жоспары сәтсіздікке ұшырап, қарулы күштер мен  халықтың беделімен халықтың үмітсіздендіру жобасы да сәтсіздікке  ұшырады.  Қарулы күштер сенімділік орнату үшін аймақтағы барлық  елдермен ынтымақтастыққа және аймақ пен Парсы шығанағын шетелдіктердің орналасуынан тазарту және аймақтық күштер арқылы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз үшін аймақ қарулы күштермен бірігуге дайын",- деп баса айтты.

Иран Ислам Республикасының Президенті сондай-ақ сионистік режиммен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру аймақ елдері үшін қауіпсіздік тудырмайтынына назар аудартып: "Аймақ халықтары сионистік режимді жек көреді және осы басқыншы режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру Палестина халқына және қарсыласу осіне қарсы қанжар",- деді.  

 

Тегтер