Қыр 23, 2023 13:49 Asia/Almaty
  • Иранда Президенттің қатысуымен 1403-1402 оқу жылының басталуына арналған қоңырау соғылды

Бүгін, сенбі күні таңертең, 1402 жылы мехр айының бірінші күні, Раиси   жаңа оқу жылының басталу салтанатына қатысып, Бахаристан қаласында 3 мектепті ашу кезінде елдің түкпір-түкпірінде 10 000 жаңа оқу кабинетін ашуға бұйрық берді.  

 

Бұл және тағы да жеті мектептің құрылысы президенттің өткен жылдың дей айында осы қалаға сапары барысындағы тапсырмасымен басталған болатын.

1403-1402 оқу жылы «Мықты мектеп, қуатты Иран» ұранымен бүгін, 1 мехрде Президенттің қатысуымен, Білім министрінің сүйемелдеуімен және мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен  Теһран облысының оңтүстік-батысындағы Бахаристан қаласындағы Шәһид Амир Каманди мектебінде басталды.

Соңғы екі жылда халық үкіметімен білім саласына үш жарым миллион текше метрден астам білім беру алаңы берілді.

 

Тегтер