Қыр 28, 2023 16:33 Asia/Almaty
  • Ислам пайғамбарының туған күні құтты болсын!

Бүгін, бейсенбі күні х.қ.ж.с.б. 1445 жылы 12 раби ул-аууал, сәйкесінше 2023 жылы 28 қыркүйек – Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) туған күнінің жылдығы әрі Бірлік аптасының басталған күні.

Сүнниттер 12 раби ул-аууалда, шиіттер 17 раби ул-аууалда Ислам пайғамбарының туған күнінің жылдығын тойлады.  

Ислам республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейни (р.) Ислам әлемінде бірліктің жаршысы болған. Ол пайғамбардың туған күнін исламдық топтарды біріктіру және жақындату үшін пайдаланған. Сондықтан 12-17 раби ул-аууалдың арасын "Бірлік аптасы" деп атаған. Бұл апта – қазіргі араздық пен бүлікке толы заманда ислам әлемінің ынтымағы мен бірлігі үшін көбірек талпыныстар жасауға қолайлы мүмкіндік.

Түрлі мазхабтарға жататын мұсылмандардың кейбір үкімдерде қайшылығы бар. Бірақ олардың бір Аллаға, қасиетті кітапқа, пайғамбарға, бір құбылаға сену сияқты ортақ нәрселері көп. Сондай-ақ, мұсылмандар намаз, ораза, қажылық, зекет және т.б. сияқты маңызды ғибадаттарды бірдей орындайды.

Тегтер