Қаз 23, 2023 18:40 Asia/Almaty
  • Сардар Фадави: Сионистердің әрбір ақымақ әрекеті қарсыласу тарапынан шешуші жауапқа ұшырайды

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: «Егер зұлымдар Палестина жеріне кіру сияқты ақымақтық әрекетін орындаса, олар масқара сәтсіздікке ұшырап, қарсыласу майданынан өкінетіндей жауап алады",- деді.

 

Қарсыласу майданының толық жетілгендігіне назар аударған Сардар Әли Фадави: «Кеше байқағанымыздай, олар шараға кіріспек болып, қарсылықтан күшті соққы алды. Аллаға шүкір, қарсыласу майданы бүкіл аймақта толық кемелдікке жетті және өз бетінше жоспарлап, әрекет ете алады",- деп мәлімдеді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары сионистердің АҚШ пен Англияның саяси ағымы екеніне назар аударып: «Сионистер Америка мен Англияның саяси фракциясы және олар арқылы құрылған. Бұл дүниелік мақсаттары бар зұлым сионистер. Сионистердің бұл шайқаста жеңіске жету мүмкіндігі жоқ, өйткені жалған майдан жеңе алмайды",- деп айтты.

 

 

Тегтер