Теһран  жұма намазының имамы: "Әл-Ақса дауылының" күні Палестина халқы үшін береке күні.
(last modified Sat, 28 Oct 2023 10:28:43 GMT )
Қаз 28, 2023 16:28 Asia/Almaty
  • Теһран  жұма намазының имамы:

Теһран  жұма намазының имамы  "әл-Ақса дауылы" операциясының жетістіктеріне тоқталып: «Әл-Ақса дауылы болған күнді Палестина халқы үшін әл-Барака күні және сионистік режим үшін Нақба күні деп санау керек",- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад қажы Әли Акбари осы аптада Теһрандағы жұма намазы уағызында бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі Палестина мәселесі екенін айтып: «Әл-Ақса дауылы» біздің өміріміздегі үлкен бірлескен операция мен тарихи бетбұрыс болды. Аймақ пен әлем тарихын 7 қазанға дейін және кейін деп бөлуіміз керек. "Әл-Ақса дауылы" операциясының себебі – негізі мен болмысы адам өмірін өлтіру, қорлау және жоюға негізделген сионизмнің әлемдік лоббиіне, Америка мен Еуропаға қарсы 75 жыл басқыншылық пен 16 жылдық қоршауға реакция",- деп мәлімдеді.