Қар 07, 2023 16:32 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Палестиналықтарды өлтірудің жалғасуы әлемге  әсер етеді

ИИР-ның Президенті Иранның тез арада атысты тоқтату, қоршауды жою және Газаның езілген халқына көмек көрсету жолындағы кез келген жаһандық ортақ күш-жігерді қолдайтынына тоқталып, Палестина халқының өлтірілуі әлемнің барлық азат елдерінің қанын қайнатқанына және бұл өлтірудің жалғасуы трансаймақтық салдарға әкелетінін қуаттады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси  дүйсенбі күні кешке Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің телефон қоңырауына жауап беріп, қысымға ұшыраған және жазықсыз әйелдер мен балаларды өлтіру, ауруханаларға, мектептерге, мешіттерге, шіркеулерге және тұрғын аудандарға аудандарға шабуыл жасалу әрбір адам тұрғысынан айыпталатынын және қабылданбайтынын баса айтып: "Палестина қарсыласу топтары басып алушы сионистік режимнің басқыншылығына қарсы тұруға заңды құқығы бар және барлық елдер Палестина халқының азаттығы үшін күресін қолдауы керек",- деді. Раиси сионистік режимге жан-жақты қаржылық, қару-жарақ және барлау жағынан қолдау көрсетуі, сондай-ақ Газаны бомбалауды тоқтату туралы Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына вето қоюы себепті АҚШ-ты осы қылмыстардағы сионистердің негізгі серіктесі деп атады.

Нарендра Моди Газадағы бомбалауды тоқтату және дағдарыстың аймақтың басқа бөліктеріне таралуына жол бермеу үшін дипломатиялық күш-жігерге сілтеме жасай отырып: «Бүгінде әрбір адам Газадағы әйелдер мен балалардың өлтірілуін тоқтатуға және оларға қолынан келген көмегін көрсетуге міндетті",- деді.

 

Тегтер