Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид  болған күніне байланысты көңіл айтамыз
(last modified Sun, 17 Dec 2023 10:35:11 GMT )
Жел 17, 2023 16:35 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид  болған күніне байланысты көңіл айтамыз

Бүгін хижраның 1445 жылы джұмади сани айының үшінші жұлдызы Исламның ұлық Пайғамбары хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүйікті қызы және мүминдердің әмірі  Әли бин Әбиталибтің жұбайы  хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығы.  

 

Исламдық Иранның мұсылман халқы жыл сайын мешіттерге, хұсейниелерге және басқа діни орындарға барып, пәктіктің үлгісі болған Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болғанын аза тұтады.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) беғсаттың 5-ші жылы джұмади сани айының 20-шы жұлдызында Меккеде дүниеге келді және бала кезінен әкесі ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) көмегімен илаһи іліммен танысты.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) 18 жасында және ардақты әкесі хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай сол кездегі билеушілердің қысымынан қатты азап шегіп,рауаяттарға сәйкес, хижраның 11 жылы джұмади әууәл айының 13-і немесе джұмади сани айының үшінші күні шәһид болған.