Жел 17, 2023 16:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болған түні аза тұту  рәсімі өтті

Ислам революциясыжетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болған түні аза тұту рәсімі өтті.

 

2023 жылдың 17 желтоқсаны, хижри ж.с.б. 1445 жылғы жұмади сани айының үшінші жұлдызы исламның ұлық Пайғамбары хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүйікті қызы, мүміндердің әміршісі, әлем шиіттерінің бірінші имамы Әли бин Әбиталибтың (ғ.с.), жұбайы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығы.

Діни жетекшінің ақпарат тарату кеңсесінің мәліметінше, хазірет  Фатима-Заһраның (ғ.с.)  шәһид болған күніне қатысты аза тұту рәсімі Ислам революциясы жетекшісі және басқа аза тұтушылардың бірқатарының қатысуымен имам Хомейни атындағы діни жерде өтті.

Бұл рәсімде дінтанушы Рафии хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) өміріндегі мазлұмдарды қорғау тақырыбына тоқталды және жалғасында Махмұд Карими  Пайғмабардың (с.ғ.с.) еске алып, мадақ айтты және жоқтау айтты.

 

Тегтер