Канани: Ойдан шығарылған коалициялар аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке көмектеспейді
(last modified Tue, 06 Feb 2024 15:06:13 GMT )
Ақп 06, 2024 21:06 Asia/Almaty
  • Канани: Ойдан шығарылған коалициялар аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке көмектеспейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қызыл теңіздегі американдық коалиция және Еуропалық Одақтың құрғысы келетіні сияқты коалицияларды ойдан шығарылған деп атап: "Бұл өзін-өзі жариялаған коалициялар аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ықпал етпейді",- деді.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: "Егер олар аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік және халықаралық су жолдары туралы дұрыс және шынайы ойлайтын болса, дағдарыстың түп-тамырына және себептеріне назар аударса,  Қызыл теңіздегі жағдайды сионистік режимнің соғысқа айдап салуының және АҚШ пен Англияның осы режимге қолдау көрсетуінің нәтижесі екенін түсінеді",- деп мәлімдеді.

Ансаролланың Израиль кемелеріне немесе басып алынған жерлерге қарай жылжып бара жатқан кемелеріне жасаған шабуылдарынан кейін және бұл шабуылдардың алдын алу үшін АҚШ құрған коалицияның  сәтсізке ұшырауынан кейін, Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Джозеп Боррель  мәлімдемесінде Еуропалық Одақтың Қызыл теңіздегі Израильді қорғауға арналған теңіз миссиясы 28 ақпанда басталатынына үміт білдірді.