Ақп 19, 2024 21:19 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Бушер АЭС-інде апаттық-диспетчерлік бөлменің симуляторы іске қосылды

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Бушер АЭС-інің бірінші бөлігінде апаттық-диспетчерлік бөлменің симуляторын жобалау, дамыту, орнату және іске қосу жұмыстарының атқарылғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами: "Жобаны жергілікті мамандар жасады. Бұл апаттық-диспетчерлік бөлме симуляторын жасау саласында өзімізді қамтамасыз ету жолында үлкен қадам саналады",-деді.  

Мұхаммед Ислами: "Апаттық-диспетчерлік бөлме Бушер АЭС-інде басты диспетчерлік бөлме істен шыққан жағдайда қолданылатын болады",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Симулятордың барлық компьютерлік бағдарламалары біздің ұйымымыздың инженерлері тарапынан жобаланып, жасалды",-деді.

Тегтер