Нау 04, 2024 17:07 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті Пәкістанның жаңа премьер-министрін құттықтады

ИИР Президенті Пәкістанның жаңа премьер-министрінің сайлануымен құттықтады.

 

IRNA-ның хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси Мұхаммад Шахбаз Шарифтің Пәкістанның жаңа премьер-министрі болып сайлануымен құттықтау жолдауында Иранның өзінің үйреншікті саясаты аясында бауырлас және көршілес Пәкістан елімен екіжақты қарым-қатынастардың барлық аспектілерін нығайтуға және тереңдетуге толық дайын екенін қуаттады.  Раиси: " Иран мен Пәкістан терең тарихи және мәдени байланыстар аясында екі елдің халқының қарым-қатынастарының қалаған деңгейіне жету үшін ынтымақтастықты нығайту және кеңейту үшін қадамдар жасайды",- деді.

ИИР Президенті сондай-ақ Пәкістанның жаңа үкіметі осы елдің өсіп-өркендеуі жолында қадамдар жасайтынына үміт білдіріп, құдіретті Алладан жаңа үкіметтің табысы мен Пәкістанның асыл ұлтының бақыты мен игілігін тіледі.  

 

Тегтер