Нау 13, 2024 19:26 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан жаһандық институттар мен тұлғаларға  хат жазды:  Ғасырдағы ең үлкен адамзат апатының қоңырауы соғылды

ИИР Сыртқы істер министрі Палестинадағы өзгерістерге байланысты кейбір халықаралық және исламдық мекемелер мен қайраткерлерге жолдаған хатында сионистік режимнің қасиетті Рамазан айында басқыншылық әрекеттерін жалғастыруының салдары туралы ескертті.

Хұсейн Амирабдуллахиан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке, сондай-ақ осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің басшысы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысына, сондай-ақ ислам елдерінің және әлемнің басқа елдері сыртқы істер министрлеріне жолдаған хатында: "Газа секторы мен Рафахтағы геноцид пен Батыс Шериядағы соғыс қылмыстарының жалғасуы, Израиль режимінің Газа секторына гуманитарлық көмек пен азық-түлік жөнелтуіне тосқауыл қоюы, геноцид пен әйелдер мен балаларды жоюды жалғастыру мақсатында Газа тұрғындарын аштыққа ұшыратуы осы ғасырдағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық апаттың дабыл қағуы болды",- деп баса айтты.

ИИР Сыртқы істер министрі: "Иран сионистік режимнің Газа секторының солтүстігін оңтүстіктен бөлудегі әрекеттері, Газа секторының солтүстігінен адамдардың мәжбүрлі көші-қоны үшін ашаршылықты жүзеге асыруды, Рафахқа қарсы шабуылдарды жоспарлауды, адамдардың Газадағы тұрғын аудандарына оралуын және БҰҰ-ның көмек агенттіктерінің осы аймақтың барлық тұрғындарына кіруіне жол бермеуді қатаң айыптайды. ИИР бұл апаттың алдын алу – халықаралық қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының шұғыл міндеті деп санайды",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер