Нау 22, 2024 18:23 Asia/Almaty
  • Иран футбол командасы Түрікменстанды жеңді

Иран футбол командасы 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындарының үшінші аптасында Түрікменстанды 5:0 есебімен жеңді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының Азия құрлығындағы іріктеу ойындарының "Е" тобында Иран футбол командасы кеше, бейсенбі күні Теһранның "Азади" стадионында Түрікменстан командасымен ойнап, 5:0 есебімен жеңді.

"Е" тобында Иран, Өзбекстан, Түрікменстан мен Гонконг командалары бар. Бұған дейін Иран Гонконг командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңсе, Өзбекстан командасымен 2:2 есебімен тең түсті.

Футболдан әлем чемпионатының 23-ші кезеңі 2026 жылы 11 маусым мен 19 шілде аралағында Солтүстік Американың үші елі – АҚШ, Канада мен Мексиканың 16 қаласында өтеді.  

 

Тегтер