Сәу 13, 2024 16:55 Asia/Almaty
  • Иран ұлттық құрамасы 5 алтын және 3 қоламен еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 23 елдің қатысуымен Азия чемпионатының ересектер арасындағы еркін күрес жарысы өтіп, Иран құрамасы сегіз медаль жеңіп алып, чемпион атанды.

Иран құрамасы Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен еркін күрестен Азия ашық чемпионатында бес алтын медаль  Рахман Амоузад Халили 65 келіде, Амир Мұхаммад Яздани 70 келіде, Мұхаммад Нухуди 79 келіде, Амир Хұсейн Фирозпур 92 келіде және Амир Хұсейн Заре 125 келіде, сондай-ақ үш қола жүлдені Хұсейн Абу Зари  74 келіде, Хади Вафаипур 86 келіде және Мұхаммад Хұсейн Мұхаммадиан 97 келіде жеңіп алып, чемпион атанды.

Командалық рейтингте Ираннан кейін Жапония мен Қырғызстан құрамалары екінші және үшінші платформаларда тұрды.

Дүйсенбі күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Грек-рим күрестен де Азия чемпионаты басталып, Иранның ұлттық күрес құрамасы бұл жарыста титулды қорғайды.

Тегтер