Қыр 27, 2024 16:57 Asia/Almaty
  • Иранның көршілерімен шикізаттық емес саудасының көлемі 32 миллиард доллардан асты

ИИР Кеден басшысы: «Иранның көршілес 15 елмен мұнайдан тыс сауда көлемі соңғы 6 айда 32 миллиард 600 миллион долларға жетті»,- деп мәлімдеді. .

 

Иран Ислам Республикасының Кеден басшысы Мұхаммад Резванифар былай деп мәлімдеді: «Соңғы 6 айда Иранның көрші елдермен мұнайдан тыс саудасы 50 миллион тоннаны құрады».

ParsToday хабарлауынша, Резванифар былай деп қосты: «Осы кезеңде Иранның шикізаттық емес саудасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салмақ жағынан 5 пайызға, құндық жағынан 15 пайызға артты».

Иранның Кеден басқармасының басшысы Иранның көршілері арасындағы негізгі сауда серіктестері туралы былай деді: «Осы кезеңде БАӘ, Түркия, Ирак, Пәкістан және Ресей көршілес елдер арасында Иранның негізгі сауда серіктестері болды».

Тегтер