Рафсанджани: Исламның рақымдылығын тарату үшін талпыныс жасауымыз керек
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы шағбан айы мейрамдарымен құттықтап: "Адамзатты құтқарушы әлемде исламның ақиқатын орнату үшін ақырзаманда келеді. Біз исламның рақымдылығын тарату үшін талпыныс жасауымыз керек" деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджани сенбі күні түстен кейін Иранның солтүстігінде орналасқан Гилан облысының бір топ зерттеуші ғалымдарын қабылдауында ислам тарихы туралы сараптаманы жариялап: "Нақты рауаяттар бойынша құтқарушының келуінің белгілерінің бірі әлемдік біртұтас дінге бағынудың арқасында ғылым мен технологияның өсуі мен адамзаттың дамуы болып саналады. Пайғамбарлықтың ең маңызды мақсаты бүкіл әлемде мейірімділік пен сүйіспеншілікті тарату болды. Ардақты пайғамбарымыз сөзімен қоса іс жүзінде де Медине қаласында қоныс аударушы мұсылмандар мен ансарлар арасында бауырластық сертін тарату арқылы мақсатқа жету үшін талпыныс жасады. Қазіргі кезде де ақпараттық арандатушылықтарға қарсы өзгелерге тіл тигізбей, өз сөзімізді айтуымыз керек" деді.