Рухани Үндістан Премьер-министрін ресми түрде қарсы алды
ИИР Президентінің Үндістан Премьер-министрін ресми түрде қарсы алу рәсімі Теһранда өтті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, кеше, жексенбі күні саяси, экономикалық және мәдени саладағы жоғары лауазымды қайраткерлер тобын басқарып, Теһранға келген Үндістан Премьер-министрін ИИР Президенті Хасан Рухани бүгін таңертең ресми түрде қабылдады.
ИИР Президенті мен Үндістан Премьер-министрі бұл рәсімнен кейін екіжақты келіссөздер өткізді.
Бүгін сонымен бірге Ауғанстан Президенті Ғани Ашраф та Теһранға келіп, Иран мен Ауғанстан президенттері және Үндістан Премьер-министрі Чабаһар транзит портын пайдалану туралы үшжақты келісімге қол қояды.
Үндістан Премьер-министріның Теһран сапарында қол қойылатын құжаттар мен келісімдердің көбі экономика, инвестиция, сауда, тасымал, порттарды дамыту, мәдени, ғылыми және университеттік мәселелерге қатысты болады деп жоспарланған.