Назарбаевтың Қазақстанның әлеммен ынтымақтастығының басымдылығы туралы көзқарасы
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтарын кеңейтуді Астана үкіметінің сыртқы саясатындағы басты бағдар деп атады.
Кеше, сенбі желтоқсанның он жетісі күні Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл ел бұрынғыдай жиырма бірінші ғасырдың қауіп-қатерлерімен күресуде. Қазақстан ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған белсенді әрі жан-жақты саясатын одан әрі жалғастырады», - деді. Сонымен қатар ҚР президенті Еуразия экономикалық одағына (ЕЭО) сілтеме жасап: «Қазақстан бүгінде Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан және Ресей елдері мүше болып отырған экономикалық қарым-қатынастардың жаңа үлгісінің бастамашысы болды»,- деді.
ҚР президентінің Астана үкіметінің сыртқы саясатының басымдылықтары жайлы мәлімдемелері бұл елдің әлем мен аймақтың кейбір елдерінің бұған дейін өткен жолда қадам басып жатқанын көрсетеді. Шындығында Қазақстан атом энергиясы мен ғарыштық мүмкіндіктерін пайдалану тұрғысынан әлем мен аймақ деңгейінде салыстырмалы түрде қолайлы мүмкіндікке ие. Астана үкіметінің өнеркәсіптік дамыған елдермен ынтымақтастығы оның ғарыштық және атом энергиясы өнеркәсібінің дамуына септігін тигізетіні мәлім. Алайда, бұл салалардағы жобаларды жүзеге асыру оның көп қаржыны талап ететіндігіне байланысты дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасына зиянын келтіруі мүмкін. Қазақстан Орталық Азия республикалары деңгейінде өзінің экономикалық күш-қуатын пайдалана алатын ел саналады. Қазақстан өзінің аймақтық ынтымақтастықтарын күшейткен жағдайда өз экономикасын бұрынғыға қарағанда жақсы нығайтып, көтере алатын мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері мен Ресеймен көршілес ел. Бұл ел халқының қарым-қатынастарының үлкен бөлігі өзімен көршілес елдермен байланысты. Сондықтан әлемдік алпауыт елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған саясат Орталық Азияда орналасқан бұл елдің үкіметі мен халқының қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындығы айдан анық.
Осындай шындықтарға байланысты, Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем мен аймақтағы мықты елдермен қарым-қатынасын кеңейтуге бағытталған мәлімдемелерін баршаға мәлім шындықтарды қайталау мен жалпылама сөздер деп бағалауға болады. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның ЕЭО-мен ынтымақтастығын кеңейту және тереңдетуге байланысты мәлімдемелерін ҚР президенті сөздерінің шындыққа жанасымды әрі түйінді бөлігі деп білуге болады. Бұл қазіргі таңда Астана үкіметінің сыртқы саясатының күн тәртібінде тұрған шындық болып табылады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін Еуразия экономикалық одағының негізін салушы деп таныстырғанымен, батыс елдері Ресейді жаңа Кеңес одағын құру мақсатында аталмыш одақтың негізін қалаушы санайды. Шындығында, басында АҚШ тұрған батыс елдері аймақ елдерінің Ресеймен жақындасуына үзілді-кесілді қарсы. Себебі, бұл интеграциялар Батыстың Орталық Азия мен Казказдағы, тіпті Таяу Шығыстағы саясаттарына қиындық туғызуы мүмкін.