Орталық Азиядағы ең бақуатты елде миграция дағдарысы орын алуда
(last modified Sat, 11 Mar 2017 15:41:24 GMT )
Нау 11, 2017 21:41 Asia/Almaty
  • Орталық Азиядағы ең бақуатты елде миграция дағдарысы орын алуда

Қазақстан соңғы бір жылда қатты миграциялық дағдарысқа тап болып, осы елдің орыстілді азаматтарының 60 пайызға жуығы елден көшіп кетуге ынта танытып отыр.

 "Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Орталық Азияда тұрмыстық стандарттар бойынша әрдайым көшбасшы болған Қазақстан соңғы бір жылда қатты миграциялық дағдарысқа тап болған. Сауалнамалардың нәтижелері бойынша осы елдің орыстілді азаматтарының 60 пайызға жуығы шетелге көшіп кетуге ынта танытып отыр.

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Қазақстаннан кеткен адамдардың саны 34965 адамға жеткен. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайыз артық. Сонымен қатар, осы комитеттің зерттеулеріне сәйкес, көшіп кеткен жергілікті халықтың саны 32637 адамға жеткен.

Болжамдар бойынша, 2016 жылы 28677 қазақстандық Ресейге, 2637 адам Германияға, 393 адам Белоруссияға, 228 адам Америка Құрама Штатарына, 173 дам Польшаға және 168 адам Канадаға көшіп кеткен.