Иран Сыртқы істер министрі мен Қазақстан президенті ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф пен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астандағы отырыста екіжақты ынтымақтастықтарды дамытып, кеңейту қажеттігін қуаттады..
Иран Телерадио бірлестігінің жұма күнгі хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев отырыста Астананың Теһранмен қарым-қатынасын кеңейту үшін талпыныс жасау қажеттігін қуаттап, Иранды көршілес ел әрі Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі деп атады.
Назарбаев аймақтағы лаңкестік топтардың әрекеттерінің етек жаюына сілтеме жасап, бұл дағдарыспен күресу үшін жан-жақты ынтымақтастық жасауды сұрады.
Мохаммад Джавад Зариф ИИР президенті Хасан Руханидің Қазақстан үкіметі мен халқына жолдаған достық үндеуін жеткізіп: "Иранның маңызды мақсаты көршілес елдермен қарым-қатынастарын кеңейтіп, дамыту болып табылады. Бұл салада Қазақстан ерекше рөлге ие",- деп мәлімдеді.