Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің тоғызыншы кезеңі өтеді
(last modified Wed, 09 May 2018 16:41:48 GMT )
Maм 09, 2018 22:41 Asia/Almaty
  • Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің тоғызыншы кезеңі өтеді

Қазақстанның СІМ Сирияның бейбітшілік келіссөздерінің тоғызыншы кезеңінің мамыр айының 14-15 күндері Астана қаласында өтетінін хабарлады.

Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Иран, Түркия, Ресей сынды кепіл елдермен бірге Сирияның үкіметтік және үкіметке қарсы делегациялары мен БҰҰ мен Америка және Иорданияның өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды.

Келіссөздерде тараптар Астана қаласында Сирияның қазіргі жағдайын, гуманитарлық және сенімді нығайту мәселелерін қарастырады.

Мамырдың 14 күні екіжақты кеңесулер, 15 күні жалпы отырыс өтеді.

 

Тегтер