Тоқаев пен Путин Ауғанстан және аймақтық қауіпсіздік ​ мәселесін талқылады
(last modified Sun, 25 Jul 2021 07:48:44 GMT )
Шіл 25, 2021 13:48 Asia/Almaty
  • Тоқаев пен Путин Ауғанстан және аймақтық қауіпсіздік ​ мәселесін талқылады

Қазақстан мен Ресейдің басшылары​ телефон арқылы сұхбатта Ауғанстанның қазіргі жағдайы және оның аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін талқылап, пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сұхбатта Ауғанстанның қазіргі жағдайы және оның Орта Азия аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін талқылап, аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін аймақ елдерінің үйлесімді әрекет етуінің​ маңыздылығын атап өтті. ​
Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ағымдағы жылдың қыркүйек айында Владивосток қаласында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысуға шақырғанына алғыс айтты.

Тегтер