Там 27, 2021 17:50 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қорғаныс министрі Жамбылдағы жарылыста қаза болғандар мен жараланғандар санының артуына байланысты отставкаға кетті

Қазақстан Қорғаныс министрі осы елдің оңтүстігіндегі әскери бөлімшеде жарылыс болып, қаза болғандар мен жараланғандар санының артуына байланысты отставкаға кетті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің Алматыдан хабарлауынша, Нұрлан Ермекбаев жұма күні: «Жамбыл облысында жарылғыш заттар қоймасында болған жарылыстың алғашқы сәтінде оставкаға кетуге шешім қабылдадым»,-деді. Алайда өтінішті қабылдау Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа байланысты.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанның Жамбыл облысындағы жарылғыш заттар қоймасында 10 жарылыс болды. Соның салдарынан 90 адам жараланып, 5 адам қаза тапты. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бұдан бұрын қаза болғандар мен жараланғандар санын 70 адам деп жариялаған болатын.

Тегтер