Қазақстанның Сыртқы істер министрі Еуроодақтың Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директорымен кездесті
(last modified Sat, 23 Oct 2021 10:36:09 GMT )
Қаз 23, 2021 16:36 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Сыртқы істер министрі Еуроодақтың Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директорымен кездесті

Еуроодақтың Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры мен Қазақстанның Сыртқы істер министрі сайлау саласындағы мәселелерге тоқталды.

 

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуроодақтың Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччимен кездесуінде Қазақстанның жақында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2022-2024 жылдарға сайланғаны туралы хабарлады. Еуроодақтың Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры   Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттары және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы стандарттарды ілгерілету жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдірді және бұл бюроның өз міндеттеріне сәйкес Қазақстанмен ынтымақтастығын кеңейтуге дайын екенін қуаттады.

 

Тегтер