Қаз 28, 2021 03:01 Asia/Almaty
  • Шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясы құрылды

Бүгін "Отандастар қоры" КЕАҚ жанынан Шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясы құрылды.

"Отандастар қоры" КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасовтың айтуынша, осы ассоциация аясында шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының үздік материалдары енген жинақ шығару, қазақтілді жас журналистер арасында конкурстар өткізу, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы байқауға шетелдегі қазақтілді басылымдар мен журналистерді қатыстыру жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ жылына бір рет ассоциация өкілдерінің бас қосуы ұйымдастырылады.

Бүгінде әлем бойынша жалпы 88 қазақтілді ақпарат құралы жұмыс істейді.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосы мен Pars Today Kazakh  ақпарат сайты (www.parstoday.ir/kz) да Шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясы құрамына кірді.

"Отандастар қоры" КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов

 

Тегтер