Өзбекстан Президенті жыл соңына дейін Қазақстанға іссапармен барады
Қар 19, 2021 17:02 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев телефон арқылы сұхбаттасты.
Қазақ радиосының хабарлауынша, тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық әріптестігін барлық салада одан ары дамыту туралы пікір алмасты.
Тараптар екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту, өзара инвестиция салуды нығайту және өнеркәсіп, механикалық инженерия, тасымал және логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ортақ жобаларды орындау мәселелерін талқылады.
Нұр-Сұлтан мен Ташкентті көпжақты қарым-қатынасқа ынталандыру мақсатында тараптар жылдың соңына дейін Өзбекстан Президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға келісті.
Тегтер