Алматыдағы атыс. Банктерді жабу және рейстерді тоқтату. Мемлекеттік мекемелердегі қауіпсіздік шаралар
Қаң 06, 2022 20:10 Asia/Almaty
Sputnik Қазақстан агенттігі бүгін, бейсенбі таңертең Алматыдағы Республика алаңында атыс болғанын хабарлады.
Қаланың әртүрлі бөліктеріне қарулы қауіпсіздік күштерімен бірге 50-ге жуық броньды әскери көліктер мен басқа да әскери жүк көліктері орналастырылғаны айтылады.
Екінші жағынан, ақпарат көздері Алматыда ұялы байланыс пен интернет қызметтерінің үзілгенін, сондай-ақ Қазақстандағы банктер мен биржалар да уақытша жабылғанын хабарлады. Сонымен қатар, Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 9-ға дейін әуе рейстер тоқтатылды. Қазақстан астанасындағы барлық кеңсе ғимараттары қатаң күзетпен қамтылған.
Тегтер