Раиси: Иран аймақта тыныштық пен тұрақтылық орнауын қолдайды
ИИР Президенті Иран үшін Қазақстанда қауіпсіздік, тұрақтылық пен тыныштық болуын маңызды деп атап: "Иран аймақта тыныштық пен тұрақтылық орнауын қолдайды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сұхбаттасып, екі елдің сауда-экономикалық қатынасының қазіргі деңгейінің өзара саяси қатынас деңгейіне сәйкес келмейтінін айтып: "Иран мен Қазақстанның экономикалық әріптестік деңгейін жоғарылатуға үлкен қадамдар жасалуы тиіс",-деді.
Раиси Тәжікстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аясында Тоқаевпен кездескеніне тоқталып: "Иран мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай екі елдің экономикалық әріптестік деңгейін жоғарылату үшін үлкен қадамдар жасалады",-деп үміт білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ИИР-ның аймақ елдерінің тәуелсіздігін қолдауына алғыс айтып: "Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылдың ішінде екі ел жақын достық байланыс орната алды",-деді.