Қазақстанның ауыр атлетика спорты үшін апат
(last modified Tue, 05 Apr 2022 08:49:10 GMT )
Сәу 05, 2022 14:49 Asia/Almaty
  • Қазақстанның ауыр атлетика спорты үшін апат

Қазақстанның алты салмақтағы зілтеміршінің допинг сынамасы оң нәтиже берді.

 

Қазақстандық алты зілтеміршінің, оның ішінде бір Олимпиада жүлдегері мен екі әлем чемпионының допинг сынамасы оң нәтиже берді. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон допинг сынамасы оң нәтиже берген қазақстандық ауыр атлеттердің бірі. Бұл тізімге енген тағы екі спортшы өткен жылы жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы атанған.

Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының допингке қатысты қысқаша мәлімдемесінде қолданылған тыйым салынған заттар айтылмаған. Қазақ спортында допинг жиі кездеседі. Қазақстан бұған дейін Пекин, Лондон және Рио Олимпиадаларында қазақстандық спортшылардың допинг қолданғаны үшін алты алтынды қайтарды. Сондай-ақ осы мәселеге байланысты  Токио Олимпиадасында тек екі квотаға ие болды. 61 келіде сайысқа түсетін қазақстандық алты зілтеміршінің бірі бұған дейін 2015 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында допинг қолданып, алтыннан айырылып, жеті айға жарстарға қатысу мүмкіндіктен айырылған болатын.

 

 

Тегтер